bannerqaz

Тігін шеберханасы тұсауын кесті

Исатай ауданының орталығынан тағы бір тігін шеберханасы ашылды.

Аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы аналарға 6 ай көлемінде тегін қызмет көрсететін тігін шеберханасы «Нара» деп аталады.

Шеберхананың ашылу салтанатында ауылдық округ әкім Ғ.Боранбаев пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арманбек Махмутов сөз алып, жоба иесі мен командасына құтты болсын айтып, жылы лебіздерін білдірді. Одан соң жоба жетекшісі Ахмет Назерке сенім білдіріп қолдаған азаматтарға алғыс айтты.

nara1

- Алдағы 6 айда 50-60-тай аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі отбасы мүшелерін қызметімізбен тегін қамтуымыз қажет. Ал, бұл белгіленген мерзім өткеннен кейін жобаны кәсіпкерлік бағытта жалғауымызға болады, - дейді жетекші. Сондай-ақ ол жоба грантына бөлінген 1 миллион теңгенің жартысына тігін машиналары, үтік, киімілгіштер, мата, қайшы секілді керекті құралдар алғанын айтады.

Ғимарат лентасын грант иегерінің әкесі Ахмед пен ағасы Махмуд Қойтановтар қиды. Шеберхана қызметін тамыз айының 5-6-сы күндерінен бастайтын болады.

С.ПАНАБЕРДИЕВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz