bannerqaz

«Өз құқығыңды білу - заман талабы»

Жуырда Өркен орта мектебінің 8-11 сынып оқушылары арасында мектеп ұстаздары мен инспектор Альбина Исатаеваның бірлесіп ұйымдастыруымен «Өз құқығынды білу - заман талабы» тақырыбында «Балалардың құқықтары туралы» конвенция мен бала құқықтарын қорғау, оның бала тәрбиесіне әсерін кеңінен түсіндіру бағытында танымдық шара өтті.

Шараны өткізудегі басты мақсат та оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру мен адамгершілікке құқықтық сауаттылыққа шақыру болатын.

Шарада мектеп инспекторы А.Исатаева «Кәмелетке толмағандарға құқықтық тәрбие» тақырыбында ой қозғап, оқушылармен пікір алмасып, олардың ой-пікірлерін тыңдады. Оқушыларды екі топқа бөлу арқылы сайыс та өткізіліп, оқушылар құқықтық сауаттанып, кәмелетке толмағандар білуі тиіс мағлұматтарды алды.

Альбина АЙБОЛАТҚЫЗЫ,

аудандық ішкі істер бөлімі ЖПҚ-ның учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz