Жанбайлықтар - жаға бекіту жұмысында

Биылғы көктемгі су тасқыны көптеген өңірлерді біраз әбігерге салып тұр. Осы орайда өр судың алдын алу мақсатында Жанбай ауылының тұрғындары да ертерек қамданып, жұмысқа жұмыла кірісіп кетті. Ал біз Жанбай ауылдық округінің әкімі Дидар Есмұхановпен хабарласып, тасқын судан қорғану жұмыстарының барысын білген едік.

-Қазір елімізде тасқын суға байланысты келеңсіз оқиғалар белең алып тұр. «Сақтансаң -сақтармын» дегендей, тілсіз жаудан қорғану мақсатында алдымен ауыл үлкендерімен бірге аталған ауылға қарасты канал бойларын аралап, қауіп төніп тұрған тұстарын анықтадық. Жалпы ауылымыз бойынша  шамамен 200-300-ге жуық адам күші жұмылдырылып,  бөгет тұрғызу жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде  Жанбай шекара бөлімшесіндегі әскери борышын өтеуші 10 сарбаз, 18 әкімшілік қызметкер, 35 мекеме қызметкері  және 200 ерікті бар. Сондай-ақ 7 техника жұмылдырылған. Еңбегі өлшеусіз, күні–түні бел жазбай қызмет атқарып жатқан еріктілерге мекеме ұжымдары, ауыл тұрғындарды ыссы тамақпен қамтамасыз етіп,  оларға қолдау танытуда. Біздің мақсат  ауыл ішіндегі бөгеттердің барлығының биіктігін өсіріп, ауыл маңындағы барлық бөгеттерді нығайтуымыз керек,-дейді ол.

Еріктілер бүгінгі күні шамамен 8000-ға жуық құм толы қап дайындаған. Ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер, мекемелерде қамсыз отырмай, барынша  көмек көрсетіп, қолдан келгенше аянып жатқан жоқ. Осылайша, «жанбайлықтар» өз ауыл халқын тасқыннан қорғану үшін алдын ала қарекет жасауда.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521