Жастар қаламгерлермен кездесті

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың аудан ақын-жазушыларымен еркін форматтағы кездесуі болып өтті.

kalamger4

Аудан ақындарын жастарға дәріптеу, оларға шығармашылық шабыт сыйлау мақсатындағы бұл шараның арнайы қонақтары қатарынан ауданымыздың Құрметті азаматы, мемлекеттік қызметтің ардагері Жұмажан Қадимов, аудандық "Нарын таңы" газетінің бас редакторы Асылан Мұратұлы, ардагер ұстаз Ерболат Насимуллин ағаларымыз көрінді.

kalamger5

kalamger6

Алғашқы сөз кезегін алған аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Есқали Ринат келген қонақтарға алғысын білдіріп, жастар жылындағы орталықтың атқарып жатқан жұмыстарын да тілге тиек етті. Кездесуде жастарға ақыл-кеңес айтылып, өлең жолдары оқылды. Қонақтарға арнайы сұрақтар қойылып, олармен жастар емен-жарқын сұхбаттасты.

kalamger3

kalamger1

Сонымен қатар, осы жылы республикалық деңгейде 80 жылдығы аталып өтіп жатқан жерлес ақынымыз, қазақ поэзиясы төрінен өз орнын алған Фариза Оңғарсынова апамыз да әңгімеге арқау болды. Ақындарымыз мерейтойы қарсаңында Поэзия падишасына арнау өлеңдерін оқуды да ұмыт қалдырған жоқ. Өлеңдерін арнаған жас ақындардың қатарында мектеп оқушылары да бар екенін байқаған ағаларымыз өлең өлкесіне қадам басқан оларға өздерінің баталарын беріп, кездесу соңында естелік суреттерге түсті.

Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521