bannerqaz

Жол апаты болып, екі адам көз жұмды

Кеше «Атырау-Астрахан» тасжолының Исатай ауданы аумағында жол апаты орын алды.

Жаманат жатсын ба, болған қайғылы оқиға жайында ақпарат әлеуметтік желілер арқылы әп-сәтте тарап үлгерді. Тіпті апатқа ұшыраған автокөліктің бейнерегистраторындағы жазба да сол күйі жарияланғанын көрдік. Болған жайдың анығын білмек болып тиісті орындарға қоңырау шалғанбыз. Аудандық орталық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Нұргүл Кабуловамен телефон арқылы тілдескенімізде, оқиғаның «Сазанқұрақ» кен орны тұсында болғанын білдік.

– Таңертеңгі сағат 9.45 шамасында «Жедел жәрдем» бөліміне аталған аумақта жол апаты болғандығы жайында хабарлама келіп түсті. Хабар келген бойда оқиға орнына аудандық орталық аурухана мен Жанбай дәрігерлік амбулаториясынан екі «Жедел жәрдем» көлігі жетті. Алайда, дәрігерлер жеткенше екі адам көз жұмған. Үшеуі аудандық ауруханаға әкелінді. Бір адамның жағдайы қалыпты болғандықтан, үйіне қайтарылып, қалған екеуіне алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, облыстық ауруханаға жеткізілді, - дейді Нұргүл Кабулова.

Білгеніміздей, Атырау қаласынан Астрахан бағытына шыққан шетелдік "Toyota Ipsum" автокөлігінде 5 адам болған. Олардың 4-еуі - ақтаулық, 1-еуі - атыраулық азамат. Көз жұмған екі жолаушы да Маңғыстау облысының тумасы екен.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Cурет әлеуметтік желіден алынды

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz