ЖҰРТШЫЛЫҚ ЖҰМЫЛА КІРІСКЕН СЕНБІЛІК

Ауданымызда су тасқынынан қорғану, жаға бекіту жұмыстары күннен-күнге қыза түсті. Осыған  байланысты аудан көлемінде жаппай сенбілік өткізіліп,  оған барлық мекеменің қызметкерлері мен ауыл тұрғындары  белсене қатысты. Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбір­шілікті, ұйымшылдықты көрсететін  шара.

Сенбілік барысында аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Әбежан жүргізіліп жатқан жұмыстарды аралап, бақылауға алды. Қазіргі таңда ең маңыздысы- осы су тасқынына төтеп беру, алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сенбілікте сол мақсатта  ұйымдастырылып, тәулік бойы мекеме қызметкерлері, еріктілер бір кісідей атсалысып, ұйымшылдық танытты.

Нәтижесінде екі күнге созылған сенбілікке техникалармен қоса, жалпы саны 54 бюджеттік мекеме-ұйым қызметкері сонымен қатар  еріктілер жұмылдырылды. Тіпті аудан орталығына шалғай орналасқан Нарын, Исатай, Зинеден ауылының еріктілері де келіп, өз үлестерін қосты.

Тасқын да, өрт те – табиғаттың жауы. Мұндай аласапыран оқиғалар табиғатта жетерлік. Олар табиғи қалыптасқан тепе-теңдікті бұзып қана қоймай, адам баласының өміріне қауіп төндіретіні сөз. Сондықтан, туған өлкені,жерді табиғи апаттан сақтау үшін алдын ала қарекет жасауымыз маңызды. Әрбір тұрғын осыны ескеріп, бейжай қарамай, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғаны» әсте абзалырақ.

 

 

Сағыныш ҚАЙЫР 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521