bannerqaz

086/у медициналық анықтамасын алу тегін болады

Азаматтар жұмысқа орналасар кезінде ақылы түрде өтіп келген 086/у үлгісіндегі медициналық анықтаманы алу тегін бола ма?

«Бұл сауалға бүгінгі баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев жауап берді» деп хабарлайды Baq.kz сайты. Медициналық сақтандыру аясында 086/у үлгісіндегі медициналық анықтаманы алу жылына бір рет тегін болатын болды.

- Біз 2019 жылдың аяғында 086/у анықтамасын толығымен жоюды жоспарлаған едік. Сол бойынша Цифрлық даму министрлігімен бірлесе отырып, басқа органдармен барлық құжаттарды мақұлдадық. Қазіргі күні қол қойылды. Алдымыздағы сәуір-мамыр айларында оны толығымен электронды түрге айналдырамыз. Және де жылына бір рет медициналық-профилактикалық тексерістен әр азамат жыл сайын өтіп тұру қажет. Ол жылына бір рет және тегін болады, - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олжас Әбішев.

Ол кез келген мемлекеттік органға жұмысқа орналасу кезінде немесе көлік жүргізу куәлігін алатын болса тек қана автоматты түрде жүйеге рұқсат жіберіледі.

- Сізге ол үшін поликлиникаға немесе ауруханаға барудың қажеті жоқ. Ол толығымен алынып тасталады, - деді вице-министр баспасөз брифингінде.

Фото: ашық дереккөзден

Жарнама

strakhovaniya

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қаңтар 2020
ПВСЧПСВ
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz