bannerqaz

Асқа адалдық, басқа амандық керек

Жұма күні аудан кәсіпкерлерімен семинар-кеңес өткізілді.

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ұйымдастыруымен болған басқосуда тағам өнімдерінің қауіпсіздігінің мониторингісі, Кеден одағының техникалық регламенттер талаптарын бақылаудағы кейбір мәселелері, Кеден одағы техникалық регламенттері талаптары үйретілді.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының директоры Нұрым Мусинның, ауданның бір топ кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен семинар-кеңесті аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Софья Ғабитова ашып, жүргізіп отырды.

Басқарма басшысы, алдымен, Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі” туралы және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодекстеріне сәйкес Кеден одағы шеңберінде өнімдердің қауіпсіздігін мониторингтеу, өнімдердің Кеден одағы техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігіне санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты түсіндіріп өтті.

t

Аталған басқарманың бөлім басшысы Бақытгүл Қартмағанбетова ауданда өнімдер қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу жұмыстары жылдық жоспарға сәйкес атқарылып отырғандығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл жұмысты, яғни, өнімдерді іріктеуді санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы жүргізеді және ол өнімді сатып алу фактісін растайтын құжатпен куәландырылады. Мемлекеттік сатып алу жүйесі жылдық жоспар бойынша облыстық департаменттің тапсырмасына сәйкес бөлініп, егер санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік актілердің, гигиеналық нормативтердің, техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылық анықталса, ол түсіндіріле отырып, санитарлық нұсқама беріледі, егер орындалмаса, тиісті шаралар қолданылады. Бөлім басшысы осы және өзге мәселелерге орай толығырақ тоқталып, тиісті түсініктер берді.

Кәсіпкерлерге кеңес беруді мақсат тұтқан бұл басқосуда сондай-ақ мониторинг шеңберінде сатып алынған өнімдердің санитариялық-эпидемиологиялық сараптау нәтижесінде адам денсаулығына, өміріне және өмір сүру ортасына қауіпті өнім анықталуы бойынша жедел шара қолданылатындығы баяндалды, мұнымен бірге жеке кәсіпкерлерге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 425-бабына енгізілген өзгерістер де түсіндірілді.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz