bannerqaz

Атырау облыстық онкологиялық диспансеріндегі емделушілерге акция ұйымдастырылды (видео)

Жыл сайын 4 ақпанда халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бастамасымен «Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес» күні атап өтіледі.

Осыған орай, Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясында Атырау музыка колледжі әкімшілігінің ұйымдастыруымен оқытушылар және студенттерден құралған «Дарабоз» еріктілер клубының мүшелері Атырау облыстық онкологиялық диспансеріндегі емделушілерге акция ұйымдастырды.

Акция барысында өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынып, колледж директоры Г.М.Садуахасова науқастарға психологтармен бірге тренингтер өткізіп, арнайы дайындалған тәттілер таратып, көңілдеріне медеу болды. Емделушілер өткізілген шараға дән риза болып, ұйымдастырушылар мен өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Жарнама

antikorruptsiya

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

наурыз 2020
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz