Атырау облысында қызылша ауруының 3780 жағдайы тіркелді

фото: интернеттен

Атырау облысында 2023 жылдың 2 наурыз –26 наурыз аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 9567 жағдай тіркелді (Атырау қаласында – 8535 жағдай, Жылыой ауданында – 255 жағдай, Индер ауданында-74 жағдай,Исатай ауданында -146 жағдай, Қызылқоға ауданында-122 жағдай, Құрманғазы ауданында- 165 жағдай, Мақат ауданында – 114жағдай, Махамбет ауданында – 145 жағдай).

            Олардың 3780 жағдайда қызылша зертханалық жолмен дәлелденді (басқа ел мен облыстан әкелінгені – 16: Түркия-4, Тәжікстан-2, Біріккен Араб Әмірлігінен – 1,  Алматы қ.-1, Астана қ.-1, Туркистан-1,Ақтөбе-6; жергілікті - 3698);

-           5707 жағдайда зертханалық тексеру қорытындысы теріс нәтиже берді;

-           80 жағдайда зерттеу қорытындысы жұмыс барысында.   

                                  

        Зертханалық жолмен дәлелденген 3780 жағдайлар бойынша:

       Аймақтық бөлінісінде: Атырау қаласында- 3060 жағдай, Жылыой ауданында- 213жағдай, Индер ауданында-64 жағдай, Исатай ауданында- 107 жағдай, Құрманғазы ауданында- 111 жағдай, Қызылқоға ауданында-69 жағдай, Мақат ауданында-85, Махамбет ауданында-71 жағдай. 

   

             

Атырау облысында қызылша аурушылығының соңғы көп тіркелген жағдайы 2019

жылы тіркелді (774 жағдай).

Соңғы екі жылдың қорытындысымен облыста қызылша аурушылығы тіркелген жоқ (2021-2022ж.ж.).

Аталған жағдай вакцинопрофилактиканың аталған аурумен күресудің жалғыз және нәтижелі шарасы екеніне дәлел болып отыр.

Қазақстан Республикасы географиялық жағынан Еуразиялық контингенттің орталығында орналасқан, халықтың белсенді көшіп – қонуы жағдайында әртүрлі жұқпалы аурулардың таралуына алғышарттар бар.

Ауру ауа - тамшы жолмен таралады, вирус сыртқы ортаға көп жағдайда науқас адам жөтелгелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде бөлінетін сілемей арқылы таралады.

Аурудың негізгі белгілері - дене қызуының 38-40°С дейін жоғарлауы, құрғақ жөтел, мұрын бітуі, түшкіру, бастың ауырсынуы, қабақтың ісінуі және конъюктиванын қызаруы, жұтқыншақтын ісінуі,  денеде бөртпелердің пайда болуы (бөртпелер кезектесіп шығады және бірігіп кетуге биім болады).                                                              

Көбіне қызылша ауруынан көз жұмудың себебі аурудың асқынуымен байланысты болады. Ең қауіпті асқынуларға көздің көрмей қалуы, энцефалит (мидың ісінуңне әкелетін инфекция), пневмония сияқты тыныс алу жолдарының инфекцияларын туындатуы мүмкін.

Қызылша инфекциясының алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз және тиімді шарасы – бұл вакцинопрофилактика.

Облыста балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина егу арқылы жүргізіледі. Вакцина Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Вакцина тиімді және қауіпсіз. Вакцинация Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 12-15 айлық жаста, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста жүргізіледі. Вакцинация ақысыз түрде, жергілікті мекенжай бойынша емдеу алдын алу мекемесінде жүргізіледі.

 

 

 

Уразғалиев Қадыржан Мақсотұлы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521