bannerqaz

Атыраулықтар 26 млрд теңгенің тегін медициналық көмегін алады

Биыл Атырау облысының тұрғындары 26 миллиард теңгенің тегін медициналық көмегін алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Міндетті медициналық сақтандыру қоры» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлім етті.

«Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына биыл 39,1 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл қаржының 26 млрд теңгесі тегін медициналық көмек көрсетуге, ал, 13,1 млрд теңге сақтандыру бойынша емдеу жүргізуге бағытталады. Сондай-ақ, 1,6 млрд теңге науқастарды оңалту және қалпына келтіру үшін бөлініп отыр. Бұрын медицина саласында қаржы қарастырылған мұндай статья болған жоқ. Науқастарды оңалту ісімен денсаулық сақтау саласында келісім жасалған 25 мекеме айналысады» деді «Міндетті медициналық сақтандыру қоры» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Сәбит Құралбек.

inform.kz

Жарнама

antikorruptsiya

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

наурыз 2020
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz