Кореяда қазақстандық азаматтың коронавируске шалдыққаны шын ба?

Оңтүстік Кореяда жүрген бір қазақстандықтан коронавирус табылды деген ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі теріске шығарды.

«Ол COVID-19-ға тест тапсырмаған, оның бойында ауру белгілері жоқ» деп хабарлайды zakon.kz.

- 2020 жылдың 3 наурызында желіде Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген Қазақстан азаматынан коронавирус расталды деген ақпарат таралды. Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігі жүргізген шаралар барысында бұл ақпарат расталмады. Онымен жергілікті полиция байланысқа шыққан, қазақстандық азамат емханаға бармағанын және коронавирусқа тест тапсырмағанын айтты, - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Корея полициясының хабарлауынша, екі-үш күн бұрын қазақстандық азамат тамақтану орнында болғанда, сол жерде COVID-19 вирусымен ауыратын науқас болған.

- Белгіленген протоколға сәйкес, ол және әлгі асханада болған барлық адамдар вирустың бар-жоғын тексеруден өтуі керек. Сонымен бірге, отандасымыз барлық қажетті медициналық процедуралардан өтіп, жергілікті билік органдарымен бірлесе жұмыс істеуге дайын, - деді Смадияров.

Елшілік Сыртқы істер министрлігімен және Кореяның ауруларды бақылау және алдын-алу орталығымен жұмыс істейді. Орталықтың ұсынысы бойынша Қазақстан азаматы үйде карантинде болуы керек, оны телефон арқылы күнделікті бақылау керек.

- Бұл ұсыныс оның аурудың сыртқы белгілері жоқ екендігіне негізделген. Ол ауруханаға жатқызылмайды және коронавирусқа ар-жоқтығы тексерілмейді. Елшілік бұл жағдайды үнемі қадағалап отырады, - деді Смадияров.

Қазір Оңтүстік Кореяда 34 600 Қазақстан азаматы жүр. Оның ішінде шамамен 12 мың адамымыз заңсыз жүр. Елшіліктің консулдық есебінде небәрі 848 адам тіркелген. Бұған дейін біздің билік Оңтүстік Кореядағы барлық қазақстандықтарды 1 наурызға дейін отанына оралуға шақырған болатын.

Соңғы мәліметтер бойынша, Оңтүстік Кореяда коронавирусты 5 328 адам жұқтырған, 32 адам қайтыс болды. Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин коронавирус үшін наурыз айына жоспарланған БАӘ, Египет және Түркия сапарларын тоқтатты.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521