bannerqaz

Медициналық сақтандыру қоры өз байланыс орталығын іске қосты

1406 нөмірі арқылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты кез келген сұраққа жауап алуға болады.

Қоңыраулар Қазақстан бойынша кез келген телефоннан тегін. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.

1406 нөмірі арқылы медициналық көмек мәселелері бойынша кеңес алуға, өтініш немесе шағым беруге, медициналық қызметтерге баға беруге болады.

Медсақтандыру жүйесі пилоттық режимде іске қосылған Қарағанды облысының тұрғындары осы бағыттағы сауалдарын төменде көрсетілген мекенжайда орналасқан азаматтарды қабылдау кабинетінен біле алады: Қарағанды қаласы, Ә.Әлиханов к-сі, 2. Телефон: 8 (7212) 604-483.

Мұндай кабинеттер 2020 жылдан бастап Қордың әр аймақтағы филиалында жұмыс істей бастайды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

 

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz