Қауіпті Коронавирус індеті жайлы не білеміз?

Қазіргі уақытта үрей тудырып отырған Коронавирус жайлы не білеміз?

Аталған індет жайлы ақпаратпен БҚО-ның дәрігері Әділбек Нұрымбет фейсбук парақшасында бөлісті.

"Ол 1965 жылы алғаш рет анықталған. 2003 жылы Қытайдан басталып, Канада, Америка, Вьетнамға дейін таралған. 7761 адам ауырған екен. Оның ішінде 799-ы қайтыс болған.

Инфекция көзі болып ауру адам, үй жануарлары, жабайы тышқан, кеміргіштер саналады" дейді маман. Одан әрі ол аурудың жұғу жолдарына тоқталды.

"Жұғу жолдары: ауалы тамшылы, яғни ауру адамнан сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде сау адамға жұғады. Және тұрмыстық, яғни ауру малдың етін дұрыс пісірмей жеу арқылы жұғады. Адам ағзасына қоздырғыш түскен соң 2 – 7 күн аралығында ауру белгілері пайда болады.

Аурудың клиникасы: клиникасы жалпы респираторлы вирусты ауруларға ұқсас болып келеді.

- Жалпы әлсіздік,

- Басы ауыруы,

- Мұрнынан су ағуы,

- Дене қызуы жоғарылауы, тамағы жыбырлауы,

- Денесінің, бұлшықеттерінің ауырсынуы.

Бұл ауру негізінен орташа түрде өтеді. Емі симптоматикалық. Яғни дене қызуын түсіретін дәрілер, сұйықтықты көп мөлшерде ішкізу, тамағы ауырғанын басу үшін фурациллинмен шаю керек, үйді желдетіп отыру керек. Осы түрі болса, жеңіл өтеді, 5-7 күнде өзі жазылады" дейді дәрігер.

"Ал кей жағдайда жедел ауыр респираторлық синдром (ТОРС) қосылады.

Ол кезде науқаста дене қызуы өте жоғары деңгейге жетеді. Құрғақ жөтел, ентігу қосылады. Дем алысы қиындап, ауа жетпей, ентігу пайда болады. Жедел тыныс жеткіліксіздігі пайда болып, науқас өліп кетуі мүмкін. Оның емі стационарда, реанимация бөлімшесінде жүргізіледі.

Диагнозды: қанды ПЦР арқылы коронавирусты бөліп алып анықтауға болады" деген врач қандай жағдай болмасын тез дәрігер шақырып қаралу керектігін айтады.

Індеттің алдын алу жолдарын жадыңызда ұстаңыз:

- адам көп жиналатын жерге, желдетілмейтін жерге мүмкіндігінше бармау қажет,

- мұрынға оксалин мазін жағу керек,

- үйді жиі желдетіп, еденді ылғалдап жуып отыру,

- сырттан келгенде дереу киім ауыстырып, қолды сабындап жуу -таза ауада серуендеу,

- дұрыс тамақтану,

- дұрыс піспеген етті жемеу керек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521