bannerqaz

Құлаққаппен жүру қауіпті екен

"Құлағын бітеп алып, айналасындағылармен шаруасы болмайды. Осы не әдет?"

Бұл - заман жастарының телефонға тәуелділігін жаны сүймейтін үлкендердің сөзі. "Құлақтарыңнан айырыласыңдар" дегенді жиі айтатын үлкен кісілердің сөзінің жаны бар секілді. Расында құлаққап зиян ба? Болса, қаншалықты?

naush1

Бұл сұрақтарға оториноларинголог Мәлика Расулова жауап берді деп хабарлайды Baribar.kz сайты.

Маманның сөзіне сүйенсек, бұл құрал өте ыңғайлы болғанымен есту мүшесіне өте қауіпті. Дыбыс сигналы барабанға тез жетіп, саңыраулыққа ғана емес, бас ауруына да шалдықтыруы мүмкін. Вакуум немесе құлақтың ішіне кіргізе салынатын құлаққап өте зиян. Өйткені олар есту мүшесін түгел бітеп тұрады. Құлаққаптан шыққан кез келген қатты дыбыс саңырау болып қалуыңызға әсер етуі мүмкін. Себебі құлаққапты таққанда ол есту барабанына жақын орналасқандықтан сигнал тікелей жетеді. Ал құлақтың үстін басып тұратын жапсырма құлаққаптан шыққан сигнал қысымы есту барабанына тікелей бармайды, – дейді дәрігер.

nauz

Құлақтың ішінде бұлшықет бар. Дыбыс толқыны сигнал бергенде бұлшықет жиырылады. Ал дыбыс сүйектері сигналға төтеп береді. Дыбыс сигналы 60 минуттан асса, құлақтағы бұлшықет есту мүшесін қорғай алмайды. Есту мүшесіндегі жүйкеге зақым келіп, адам құлақ мүкістігіне шалдығуы мүмкін. Құлаққаппен күніне 2-3 сағат ән тыңдау есту мүшесіне зақым келтіреді. Бұл әрекет күнде қайталана берсе, 5 жылдан соң адамның құлағының мүкісі пайда болады. Сөйлеу дыбысы қаттылығының өлшемі – 30-35 децибел. Айқайлап сөйлеу – 60 децибел. Ал 90 децибелден асқан дыбыс сигналы өте қауіпті. Өкінішке қарай, құлаққаптан шығатын әуеннің дыбысы 90 децибелден асып кетіп жатады. Сондықтан саңырау болып қаупі өте жоғары, – дейді Мәлика Расулова.

naush2

Сонымен, құлағыңызға зияны тимес үшін мына ережелерді сақтаңыз:

• Құлақты сыртынан басып тұратын жапсырма құлаққап таңдау қажет. Өйткені дыбыс сигналы тікелей барабанға жетпейді;

• Әнді күніне 60 минуттан артық тыңдауға болмайды. Өйткені осынша уақыттан соң есту мүшесіндегі бұлшықет демалуы қажет;

• Құлаққаптағы дыбыс 90 децибелден аспауы керек. Себебі есту барабанына зақым келеді.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Жарнама

antikorruptsiya

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

наурыз 2020
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz