Жей бергім келеді, жей бергім. Фастфуд есірткі секілді дүние ме?

«Ас - адамның арқауы» деген мәтел бар халқымызда. Бірақ бүгін адамнан ба, әлде заманнан ба әйтеуір бәрі тез тағам, яғни, фастфудты шеңгелдеп асауға көшті.

Иә, бұл рас. Атасынан қалған астай құмартқандардың құмарын қандырайық деп әлемнің әр түкпіріндегі жеңіл ас дайындайтын орталықтар жанталасып әлек. Иә фастфуд зиян. Жеуге болмайды деп қақсағалы қашан... Бірақ тыңдайтын құлақ табылса ше…

Бәріміздің көкейімізде сайрап тұрған бір сұрақ бар: «Неге осы жеңіл астарды жеген сайын жиіренбей оған құмарта береміз?»

Жауабы - оның құрамындағы глутонатта. Кәдімгі есірткі секілді дүние екен ол. Фастфудқа тойып алған адамының асқазанымен ойнайды екен әлгі. Өйткені, бір сағаттан соң қайтадан қарыныңыз ашып, санаңызға тағы да «жеңіл ас же» деген сигнал береді екен. Тағы бір сұмдығы семіздікке ұшыратады. Себебі, жеңіл ас дайындайтындар майды ұзақ уақыт ауыстырмай, күні ұзаққа шыжғыра береді.

Хош, ендігі статистикаға көшелік. Есеп бойынша, жылына қазақстандықтар фастфуд жеуге 260 млн. доллар жұмсайды екен.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме? Қымыз, бастырма, үрпек секілді ас-аухат бұқаралық сипат алу үшін тура фастфуд секілді жер-жерде сатылуы, ол үшін ыңғайлы формулалар, жобалар керек. Мысалы бұл жоба фастфудты ұлттық тағамға алмастырсақ: Пішіні жарты киіз үй секілді, фастфуд орталығы салынбақ. Ол жерде донер орнына бауырсақ пен бір тілім қазы беріледі. Айран, шалап, қымыз, шұбат таратылады. Фастфудқа балама ретінде ұлттық тағамды ұсынып отырмыз. Тарихы мыңдаған жылға кететін бабалардың ұлттық асын қайта рационға енгізер болсақ, қазақтың жадындағы бүкіл қуат қайта оянары анық.

Айкөркем Нұрғалиқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521