bannerqaz

Асабалар термешілерді жақтырмайды. Әнші ойын бүкпесіз айтты

Қадыр ақын «нағыз қазаққа» балаған қос ішекті қара домбыраның жаһандануға жұтылып бара жатқаны несі?

Көненің көзіндей, бабаның сөзіндей болған құндылық жеңіл әуен, арзан әндердің тасасында қалып қойып жүрген жоқ па?

Бұл сауалға жергілікті жыршы-термеші, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Манарбек Дәулетов былай дейді: «Бұрын қазақтың тойына «әу» дейтін бір қазақ домбырасын алмай келмейтін. Ал, қазір олай емес. Дәстүрлі әншілер тойда ән айтпақшы болса, жақтырмай қарайтындар көбейгені де байқалады. Әсіресе, асабалар. Рас, ұлттық өнерге деген елдің ықыласы зор. Сондықтан да болар, көпшілік әншіден сый-сияпатын аямай жатады. Дәстүрлі әншілерге кей асабалардың оң қабақ танытпауының бір себебі осы да шығар, кім білсін?,- деген термеші қазіргі кезде ұлт аспабын эстрадалық үнге қосып ойнауды да аса қолдай қоймайтындығын жеткізді.

d

Аудандық кітапханада өткен дөңгелек үстелде аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Ибраимов көпшілікті атаулы күнмен құттықтады. Құттықтаулардың арасында әсем әндер мен күмбірлі күйлерге кезек берілді. Сондай-ақ мақаламыздың басында айтып өткен сұрақтарға қатысты ойларын ортаға салды: - Домбыраны насихаттаймыз дейміз. Сенесіз бе, осы аудандық мәдениет үйінде бір ғана домбыра бар екен. Ал, енді ойланыңыз, аудан мәдениетінің қара шаңырағында, қобызды айтпағанда, домбыраның жалғыз түйір болуы ұлт өнеріне қолдаудың аздығын білдірмей ме?, - деді қынжылып Манарбек ағамыз.

k

a

Ш.Шәріпов атындағы балалар-саз мектебінің директоры Ербол Ақтан да осы пікірде. - «Домбыра неге эстрадаланып кетті?» деген сауалға келсем, оның бәрі үйдегі тәрбиеден деп айтар едім. Ұлт құндылықтары үйретілмейді. Сосын одан санасына ұлттық ой-пікірі қалыптасып, дәстүрін дәріптей білетін азамат қайдан шықсын? Дұрысы, домбыра өз үнінен ажырамауы тиіс.

«Той тойлау үшін емес, ертеңіңді ойлау үшін керек» депті бабаларымыз. Ұлттық домбыра күні аталған жиында жып-жылы сұхбат әсем әндермен қоса, орынды ұсыныстар мен пайымды пікірлер айтылды. Көбінің ойы келер жылы бұл шараны кітапхана залында ғана емес, кең көлемде атап өтсек дегенге сайды. Домбыраға арналған кеште қос ішек қайдан үнсіз қалсын, шарада дәстүрлі әндер шырқалып, күмбірлі күйлер төгілді.

Жиылғандар да жылы лебіздерін жалғап жатты.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz