Атырауда Конституция күніне орай Исатай-Махамбет атындағы орталық алаң ашылады

Мұнайлы астанада Конституция күні қарсаңында облыс орталығының қонақтары мен тұрғындары үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланған, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауқымды реконструкциялық жөндеуден өткен орталық алаң 29 тамыз күні, сағат 20.30-да салтанатты түрде ашылады. Концерттік бағдарламаға Д.Нұрпейісова, Н.Жантөрин және Құрманғазы атындағы мәдени ошақтардан академиялық оркестр ұжымдары қатысады. Сонымен қатар, 29 тамыз, сағат 16.00-де Махамбет Өтемісов атындағы облыстық академиялық драма театрында, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Конституция – еліміздің тірегі» атты гала-концерті өтеді. Шараның басты қонағы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада және опера әншісі Толқын Забирова.

Келесі күні, яғни 30 тамыз, сағат 19.00-де Ретро-саябақта «Тәуелсіздік тірегі - Ата Заңым» атты мерекелік концерт өтеді. Бұған дейінгі іс-шаралар төменде көрсетілген кестеге сай, ауылдық округтерде және қала кітапханаларында ұйымдастырылады.

26 тамыз, сағат 10.00-де Жаңаталап ауылында «Конституция - ол біздің бүгініміз бен ертеңіміз» атты көрме-панорама;

27 тамыз, сағат 11.00-де Геолог к/зінде «Ардың шыңы – Ата Заң» атты дөңгелек үстел;

27 тамыз, сағат 15.00-де Бесікті ауылында «Ата Заң - Алаш мұрасы» атты поэзия кеші;

28 тамыз, сағат 11.00-де №1 қалалық орталық кітапханада «Конституция - заңдылықтың кепілі» атты құқықтық сауаттылық сабағы;

28 тамыз, сағат 11.00-де №2 қалалық орталық кітапханада «Ата Заңым - ардақтым» атты кітап көрмесі және «Айбарым – асқар елді асқақтатар Ата Заң» қойылымы;

29 тамыз, сағат 11.00-де Еркінқала а/к-да «Конституция - азаттықтың айшықты айнасы» тақырыптық кеші;

30 тамыз, 11.00-де Бірлік ауылында «Конституция - азаттықтың айшықты айнасы» атты дөңгелек үстел өтеді.

Мерекелік іс-шаралар сериясы 1 қыркүйек, сағат 18.00-де Исатай-Махамбет алаңында қазақстандық мұнайдың 120 жылдығына орай «Open air-2019» заманауи музыка фестивалімен аяқталады. Кеш қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтеді.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521