bannerqaz

Аудандық білім бөлімі өнерпаздары концерт қойды

16 тамыз бейсенбінің кешінде Аққыстау тұрғындарына сазды көңіл-күй сыйлау мақсатында аудандық білім бөліміне қарасты мекемелердің «Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы – жастар» атты концерті өтті.

Тұңғыш Президентіміздің үстіміздегі жылды «Жастар жылы» атауына орай дарынды жастардың өнерін елге таныту, қолдау үшін өткізілген кештің шымылдығы Исатай аудандық ұлт-аспаптар оркестрінің орындауындағы Түркештің «Көңілашарымен» ашылды.

bilimcon1

Алғашқы сөз кезегін алған аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Сағираш Беркалиева «Қазақ елі» мәдени-демалыс саябағына жиналған көрермендерге жылы лебізін білдірді. Одан соң тұрғындарды алда келе жатқан Спортшылар күнімен құттықтаған аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Ибрагимов мерекеге орай жетістіктерімен қуантып жүрген спортшыларды, атап айтқанда, жақында ғана жауынгерлік самбодан өткен ел чемпионатында жеңімпаз атанған ауданымыздың мақтаныштары Е.Қуанғалиев пен Е.Жомартұлына, сондай-ақ осы сында қола жүлдені қанжығалаған Е.Серікқалиға, Исатай БЖСМ-нің джиу-джитсу бөлімінің жаттықтырушысы Абдеш Нұрсұлтан, баскетбол бөлімін баптайтын Э.Тағатов сынды сала мамандарына алғыс хаттар табыстады.

bilimcon2

Айта кетейік, жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының үш дүркін жеңімпазы және спорт шебері, әлем кубогінің күміс жүлдегері Қуанғали Еркебұланның қыркүйек айында Индияның Дели қаласында өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайды.

bilimcon4

bilimcon5

Ары қарай мерекелік кеш сазды бағдарламаға ұласты. Мейрамгүл Мақанованың орындауындағы «Туған жер» әні, Әбілхайыр Есентай мен Дулат Сақтаевтың күй тартыстары, Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің, Жанбай және Новобогат саз мектептері фольклорлық ансамбльдерінің репертуарларындағы Құрманғазының «Қызыл қайың серпер», Шалмырзаның «Адайдың ілмесі» күйлері, мың бұрала билеген Ару Жансейітқызының «Аққуы», биші қыздардың заманауи стильдегі флешмобы, басқа да жеке орындаудағы әсем әндер көпшілік көрерменнің көңілінен шығып жатты. Думанды кеш Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебі оқушыларынан құралған хор орындаған «Біз Отанның ұланымыз» атты әнімен аяқталды.

bilimcon6

bilimcon3

Концерт соңында аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Ибрагимов ауылға көңілді кеш сыйлаған аудандық білім бөлімі көркемөнерпаздарына аудан әкімінің алғыс хатын тапсырды.

Гүлдана ХАЙРУШЕВА

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz