Гитара үйренгіңіз келмей ме? Тегін

Жастар жылына орай аудандық жастар ресурстық орталығы ауыл жастарының жазғы уақытын тиімді пайдалану мақсатында әртүрлі тегін үйірмелер ұйымдастыруды қолға алған болатын.

g

Аптаның сейсенбі күні Аққыстау ауылында гитара үйірмесі жұмысын бастады. – Үйірмеге жиырмаға жуық жас тіркелді. Бірінші дәрісті 6-7 адаммен бастадық, - дейді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ринат Есқали. Басшының айтуынша, үйірмеге қатысушылар өз аспаптарымен келіп жатыр екен. «Орталықтан да бір-екі гитарамыз бар» дейді ол.

g

Тағы бір білгеніміз, аудандық білім бөлімі, Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебімен бірлесіп, мектеп базасында домбыра үйірмесі жұмысын қолға алмақ. - Үйірмелер аптасына 2, 3 рет өтеді деп жоспарлануда. Қобыз, баян аспаптарын үйретуді де ойлаған едік. Алайда оған жастардың сұранысы жоқтың қасы. Көпшілік жастардың қызығушылығы ағылшын тілі мен гитара аспабын үйренуде болып отыр. Ағылшын тілі үйірмесі жұмысын шілде айының аяғына қарай бастайды, - деген орталық басшысы жастарға арналған бұл қызметтердің тегін көрсетілетіндігін атап өтті.

g

Гитара үйірмесінен дәріс берушілер де - ауданның белсенді жастары. Олар - «Жас Отан» жастар қанатының аудандағы белді мүшелерінің бірі Думан Бауыржанұлы мен аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Ұлжан Өтегенқызы.

Серікбол БЕРІКБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521