«Jas Star» Нарынға қайырымдылық концертін өткізді

Нарын ауылдық округіне Исатай ауданының өнерлі жастарынан құрылған «Jas Star» ұжымы өз концерттік бағдарламасын ұсынды.

Бұл - аталмыш өнер ұжымының аудан көлеміндегі алғашқы шарасы. Шалғай ауылдағы тұрғындар кеш барысында әсем ән тыңдап, күмбірлі күй үніне құлақ асып, мың бұралған бишілердің биін сүйсіне тамашалады. Сөйтіп, кешкілік серуен уақыттарын орталық саябақта руxани демалып, өнер туындыларымен сусындаумен өткізді.

n

Ұжымның мақсаты да дәл осындай көпшілік өнер адамдары аяқ баса бермейтін шалғай өңірлердегі өнерге шөліркеген тұрғындарды әдемі шығармашылықпен сусындату болатын. Кеш барысында қайырымдылық есебінде ауылдағы жас анаға 50000 теңге көлеміндегі сыйақы сертификаты мен тілек xаты табысталды.

n

Айта кету керек, «Jas Star» ұжымы Исатай ауданының кіл өнерлі белсенді жастарынан құралған. Олар өз еріктерімен қайырымдылық концерттерін ұйымдастырып, ұжым мүшелері жинаған қаражат есебінен барған ауылдарындағы кейбір отбасыларға қаржылай қолдау көрсетуді мақсат етіп отыр. Жоспарланған шаралар легі әрі қарай да жүйелі жалғасын таба бермек.

Орынгүл МАХМУДОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521