bannerqaz

Манарбек пен Саадат "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды

Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының жалпы жиналысы өтті.

Бұл жайлы өнер ұжымының ресми парақшасынан білдік. Онда мекеме басшысының міндетін атқарушы Сүйекбаев Хамил Қосшығалиұлы алдағы жасалатын жұмыс жоспарларын көпшілікке таныстырғаны жайлы айтылған. Сондай-ақ, басқосу барысында облыстағы руханиятқа еңбек сіңіріп жүрген әріптестерімізге рахмет айтылды. Және "Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының төрағасы Гүлнар Сатуқызы Шайхашева сөз сөйлеген.

Жиында сонымен қатар, өңірге танымал екі бірдей өнерпаз жерлесіміз - дәстүрлі әнші Манарбек Дәулетов пен арқалы айтыскер ақын Саадат Нұрманов ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісіне ие болыпты.

Қос бірдей саңлағымызды үлкен марапатымен исатайлық жерлестері атынан шын жүректен құттықтаймыз! Өнер дарыған өлкеміздің ән мен жырын шалқытқан қос азаматқа шалқар шабыт тілейміз.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Жарнама

strakhovaniya

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қаңтар 2020
ПВСЧПСВ
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz