bannerqaz

Өз заманының озық жазушысына арналған конференция өтті

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

abkekl

Шара барысында жазушының өмірі мен туындылары төңірегінде тақырыптар қозғалды. Өз заманында Әбіш Кекілбаев қазақ әдебиеті мен руханиятының дамуына зор үлес қосып, Шекспир, Чехов, Толстой шығармаларын қазақ тіліне аударған. Сәйкесінше, оның туындылары да әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. - Мен өмірде жолым болған адаммын, өйткені, Әбіштей заңғар тұлғаны жеке таныдым. Оның бірнеше шығармасын жолдасым екеуміз мажар тіліне аударған болатынбыз. Әбіштің жазу шеберлігіне шығармасы жазылған кітаптардың әр парағы дәлел бола алады. Ол өз заманының озық жазушысы бола білді , - дейді Будапешттегі қазақ диаспорасының төрағасы Оңайша Мандоки.

abkek2

Айта кетейік, республикалық ғылыми-практикалық конференцияға белгілі профессорлар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен журналистер қатысты.

Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz