bannerqaz

Сочи жүлдесі – кішкентай Ермұраттың үлкен жеңісі

Жақында Сочи қаласында «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Солнечный день - 2019» халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестивалі өткен болатын.

Аталған өнер сайысына ауданымыздан Абай атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы Ермұрат Мұстақим қатысып, өзгелерден оқ бойы озық танылған ол байқаудың 1-орнын жеңіп алды. Ақтолқын Бахитова жетекшілік ететін өнерлі өрен халық әні «Дайдидау» мен аққыстаулық ақын, Шынарбек Қабиевтің сөзіне жазылған Болат Қохамановтың «Мұнайлы Астана» әнін орындап, 12 мемлекеттен келген әншілердің арасында шын шебер екендігін танытты.

Айта кетейік, Ермұрат Алматы қаласында өткен жарыстың алғашқы кезеңінде 1-орынға қол жеткізіп, халықаралық байқау жолдамасын ұтып алған еді. Ал, халықаралық кезеңге аттанар алдында аудан әкімі қолдап, еңбек ардагері Самат Қабделов демеушілік жасап, жол ақысын төлеуге 100 мың теңге көлемінде жәрдем қылыпты. Ағамыздың бұл игілікті ісіне разы болғандардың қатарында жүлдегердің ата-анасы да бар.

Ермұраттың жетекшісі Ақтолқын Бахитова енді шәкіртін Санкт-Петербург қаласындағы ақтық сын күтіп тұрғанын айтады. Бұлақ көрсе, көзін ашуға тырысып тұратын ел азаматтары жас әншіге қолдау білдіріп, алдағы бәсекеге барып келуіне қолдау білдірсе құба-құп.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz