37 судья жұмыстан босатылған

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады.

Кездесу барысында жаңа судьяларды іріктеу, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен кадрларды ілгерілету ісін объективті жүргізу мәселелері талқыланды.

Қабылдауда Ж.Асанов 2019 жылы заңсыз шешім қабылдаған, сот әдебін бұзған, аттестациядан өтпеген 37 судьяның теріс іс-әрекеттері үшін жұмыстан шығарылғаны туралы ақпарат берді. Бірқатар соттың тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны жайында, сот шешімдерінің сапасын арттыруға бағытталған шаралар жөнінде мәлімет берді, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен Қазақстан халқына арналған Жолдауда айтылған міндеттерді орындау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Президенттің пікірінше, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы құқықтық дауларды шешу механизмі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу маңызды міндет саналады.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін реформалау жұмыстарын жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT