"Абай мұрасын насихаттаудан жалықпадым"

Президент өз мақаласында рухани құндылығымызды Абай арқылы әлемге таныту туралы мәселе көтерді, құптарлық әрі қуанарлық.

Себебі, ғұлама Абай адамзатқа ақыл-ой сыйлады. Оның әрбір қара сөзінде ұлтымыздың болмысы, тұрмысы, тілі, діні туралы терең айтылады және ол әр қазақ үшін қастерлі құндылық дер едім.

Мен өзім рухани байлықтың киелі шаңырағы – кітапхана саласында 40 жыл еңбек еткен уақытта әр оқырманға болашақ дамуымызға жол ашатын құндылық - Абай мұрасы екендігін насихаттаудан жалыққан емеспін. Өйткені, ақын мұрасы – бүкіл адам баласының рухани азығы. Соны ұғынатын қазақ елі барда Абай есімінің биіктей беретіні сөзсіз. Абайдың асыл мұрасын, рухани байлығын жоғары ұстасақ, біздің әдебиетіміздің де әлем алдында абыройы асқақ болары анық.

Президентіміз Қ.Тоқаев: «Әлемдік мәдениетте Абайды қаншалықты жоғары дәрежеде таныта алсақ, ұлтымыздың да мерейін соншалықты асқақтата түсеміз. Бүгінгі жаһандану дәуірінде, ақпараттық технологиялар заманында Абай сөзі баршаға ой салуға тиіс» деп атап көрсетті.

Мен қарапайым оқырман ретінде, ардагер кітапханашы ретінде де Мемлекет басшысының мақаласын өте қызығушылықпен оқып шықтым. Соның ішінде мені қатты толғандырғаны – ұлы ақынның шығармаларын он тілге аударып, басып шығару керек деген ойы. Абай мұрасы – шексіз әлем. Сол мұраны оқыту арқылы жастарымызды имандылыққа, адамгершілікке баулимыз, тәрбиелейміз. Міне, осы жағдайды Президентіміз анықтап, айқындап бағыт-бағдар берді.

Ендеше, барша ауылдастарға аталған мақаланы оқып, қолға алынатын шараларға белсенділікпен қатысайық дегім келеді.

Гүлбану ҚАБЫЛОВА,

кітапхана ісінің ардагері

Аққыстау ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521