Ақтөбе облысы аумағына Ресей зымыранының сынығы құлады

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан мен Ресей арасындағы 1995 жылғы мемлекетаралық келісім бойынша ҚР аумағындағы полигонды жалға алған РФ Қорғаныс министрлігі сынақ орталығының жоспарлы оқу-жаттығуы уақытында бір зымыранның сынығы белгіленген орыннан тыс жерге түсті. Жарылыс болған жоқ, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

zimiran-aqtobe

Зымыран сынығы Ақтөбе облысының Байғанин ауданы аумағына құлаған. Зардап шеккен адамдар мен қираған нысандар жоқ.

Тұрғындар үшін жағдай қауіпті емес. Зымырандарды Қазақстан Республикасының аумағында объектілерді пайдалана отырып ұшыру оқу-жаттығуларын өткізудің жылдық жоспарына және кестесіне сай жүргізілді. Осы келісім бойынша Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы Қазақстан-Ресей комиссиясы оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтайды, – делінген ведомствоның хабарламасында.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521