bannerqaz

Б.Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмек алатындардың санын қысқартпақ

«Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың санын қысқартпақ. Бұл туралы министр үкімет отырысында мәлімдеді» деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біздің ең басты міндетіміз – АӘК алатын отбасыда еңбекке қабілетті адамдар болса, онда олар жұмыс істеуі тиіс. Сондықтан да біз өңірлердің әкімдеріне әлеуметтік келісімшартқа қол қою қажет екенін айтамыз, одан кейін міндетті түрде жұмысқа орналастыру қажет. Егер азамат жұмыс істемесе, онда біз АӘК төлеуді тоқтатамыз. Осындай талап пен заң бар» дейді Сапарбаев.

Сонымен қатар министр бүгінде жұмыс сұрайтын адамдардың аздығын және барлығының атаулы әлеуметтік көмекті алғысы келетінін атап өтті.

«Ең бастысы – біз масылдыққа жол бермеуіміз керек. Ақтауда Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біз масылдық пен мұқтаждықты айыра білуіміз керек» деп айтты. Адамдардың үйде жатып, 100 мың немесе 180 мың теңге көлемінде АӘК алуына мүмкіндік бермеу керек. Сондықтан да, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, АӘК төлеуді қысқартамыз» дейді еңбек министрі.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

шілде 2019
ПВСЧПСВ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz