Бастамашыл топпен ашық әңгіме өтті

Тұщықұдық ауылына «Исатай жастарының ауылдардағы күндері» атты жобамен жастар ресурстық орталығы мамандары келіп, ерекше форматта ауыл жастарымен еркін әңгіме өткізген болатын.

Ашық әңгімеде сөз алған спикерлер Ринат Набидоллаұлы, Перизат Ерболатқызы, Эльвира Алхамқызы, Думан Бауыржанұлы қоғамдағы өзекті сұрақтарға тоқталып, көрермен сұрақтарына да жауап берді.

eric19

Жаңа жобаны қолдаушылар құрамында ауданның ерікті жастары да бар. Шара барысында аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы, спикер Бақытгүл Талғатқызы қазіргі таңда аудан жастарына көптеген мүмкіндіктер жасалынып жатқандығы, жұмыссыз жүрген жандарды еңбекке тарту мақсатында «Халықты жұмыспен қамту орталығы» түрлі жәрмеңкелер өткізіп жүргенін айтып өтті.

Президентіміздің биылғы жылды Еріктілер жылы деп жариялағанының өзі бекер емес. Ауданымызда да жастар ресурстық орталығының көмегімен құрылған «Qol Soz» атты еріктілер тобы жұмыс істейді. Олар - жастардан құралған көмекке мұқтаж жанға демеу болып жүрген қайырымды жандар. Мемлекет басшысы ұлттық құндылығымызды ұрпақ санасына сіңіру мақсатында осы нәрсені жүйеге салып, заңдық тұрғыда реттеп, жаңа деңгейге көтеруде. Және де жас болса да қайырымдылық шараларының басында жүрген спикерт ретінде сөз алған Перизат сіңліме өте риза болдым.

Жалпы осындай жастар бастамаларын, жобаларын іске асыру, шығармашылық әлеуетті дамыту, шығармашылық фестивальдар, мәдени – ойын-сауық іс-шараларын өткізу, жастар бірлестіктерін, бастамашыл және шығармашылық топтарды қолдау арқылы аудан жастарын алдыңғы қатардан көрсетіп жүрген жастар ресурстық орталығы мамандарының бастамасына сәттілік тілейміз. Ауданымыздың әр өскелең ұрпағының бойынан осындай ізгі қасиеттерді көрсем деймін.

Еркеназ Өтемісова,

Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521