bannerqaz

Дау туса, соттасу міндетті емес

Исатай аудандық сотының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде сот жүйесіндегі оң өзгерістер мен жаңа қадамдар жайы талқыланды.

Бұл басқосуға аудандық прокуратура, полиция бөлімі, билер кеңесінің төрағасы, сондай-ақ, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

sotot12

Кездесудің мақсатымен таныстырған аудандық соттың судьясы Жазира Мұхаметова ең алдымен бүгінде жеті топқа біріктірілген мақсатты жұмыстарға тоқталды. - «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы» секілді жеті топқа біріктірілген мақсатты жұмыстар бүгінде сот саласының дамуына өз үлесін қосуда. Жеті жоба 2020 жылға дейінгі сот жүйесін дамыту тұжырымдамасының негізін құрамақ. Ең бастысы, бүгінде осы жобалар негізінде сот жүйесін одан әрі дамыту, сот төрелігіне сенімді арттырып, оның әділдігін, жауапкершілігін арттыру бағытында жұмыстар атқарылуда, - деді аудандық соттың судьясы.

Соңғы жылдары сот саласындағы жаңашылдықтар ондағы көптеген мәселелердің тиімді шешілуіне түрткі болуда. Мәселен, «Сотсыз татуласу орталығының» жұмысына арқау болып отырған жеті түйіннің бірі - медиация бүгінде елімізде жақсы дамып келеді. статистикаға сүйенсек, дамыған елдерде даулардың 70-90 пайызы сотта татуласумен аяқталады екен. Қазақтың билер сотының көздегені де тараптарды татуластыру еді ғой. Міне, осыдан келіп «дау мұраты – біту» деген қанатты сөз қалған. Ата- баба жолын ұстанып, рухани жаңғыру негізінде қайта оралып отырған осынау дәстүрдің тиімді жүзеге аса бастауы өз нәтижесін де беруде.

Ауданымызда үш кәсіби емес медиатор қызмет етеді. Тараптарды бітімге шақыруда аудандық алқабилер кеңесінің де рөлі бар. Құрамында бес мүшесі бар ұйымның төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Жұмажан Қадимов өз пікірін ортаға салды. Тараптарды татуластыру үшін болған оқиғаның мән-жайына қанық болу мақсатында алқабилер кеңесінің де сотқа қатысуы қажет деген ұсынысын жеткізген ардагер пікірін аудандық соттың судьясы Жазира Мұхаметова құптады. Басқа да мәселелер талқыланған жиында аудан көлемінде ажырасу фактілерінің көбейіп отырғаны да айтылды.

Сот жүйесіндегі жаңа тәсілдерді айта келе «Е-СОТ» жобасына тоқталған судья сот саласында дыбыс-бейне тіркеу жүйесін қолданып, қағаз айналымын барынша азайту мақсат етіліп отырғанын атады. - Қазіргі таңда Қазақстандағы барлық соттар 100 пайыз деңгейде ғаламторға қосылған. Судьялар электронды үлгіде қылмыстық сот төрелігі бойынша да жұмыс істеуге дайын. Сондықтан, сот саласын жаңа бір сапалық деңгейге көтеріп жатқан «7 түйін» жобасынан әлі де күтер үміт мол, - дейді ол.

Серікбол Панабердиев

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz