bannerqaz

Дронның да өз заңы бар

Дрон – бұл пульттің көмегімен немесе борт компьютері арқылы адамның қашықтан басқаратын камерасы бар робот.

Дрон ұшып, жүзеді, ол атмосфералық әсерлерге төзімді және көптеген артықшылықтарға ие, бұл өмірді жеңілдететін және белгілі бір ақпаратты алуға көмектесетін құрал ретінде аппаратты мүмкіндік береді.

Жалпы бастапқыда бұл техника әскери мақсаттарға арналған, бірақ, қазір оны әртүрлі мақсаттарға қолданады.

Бірақ дрон иелері ұшу бағытын тиісті органдармен алдын ала келісулері қажет. Пайдалану ережелері Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңда жазылған. Күзет іс-шараларын жүргізу кезеңінде азаматтар маршрутты ұлттық қауіпсіздік органдарымен және мемлекеттік күзет қызметі келісуі керек. Бұдан басқа дрон иелері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға есепке қою туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалануда адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру мүліктің бүлінуіне Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану ережелерінде және ұшқышсыз ұшу аппаратының пайдалану құжаттамасында белгіленген шарттарды сақтай отырып, басқа әуе кемелеріне қауіп төндірмеуі тиіс. Ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшуына байланысты жұмыстар жүргізілетін әрбір объект үшін әуе қозғалысын басқару орталықтарымен өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық әзірленеді. Күзет іс-шараларын жүргізу кезеңінде елді мекендердің үстерінен дрондардың ұшуы ұлттық қауіпсіздік органдарымен және мемлекеттік күзет қызметімен ұшу басталғанға дейін кемінде екі жұмыс күн бұрын күзетілетін объектілердің үстінен кемінде бес күн бұрын келіседі.

Әкімшілік кодекстің 563-бабын бұзғаны үшін (әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін) 10 АЕК, лауазымды тұлғалар үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Шекара заставасы аумағының үстінде ұшу кезінде дронға шекара заставасының әскери қызметшілері қару-жарақ пайдалануға тиісті.

Алишер Ернарұлы,

Жанбай шекара заставасы бастығының орынбасары, лейтенант

Сурет: ашық дереккөзден

 

 

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz