Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек

Биыл Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өткені баршамызға белгілі.  Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Елтаңбасына қатысты өз пікірін білдірді.

-Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып өтті. Оны Кеңес заманындағы Гербқа ұқсатып жатады.Тым эклектикалық күрделі  дейді.Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек.Ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құруға болады. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады»,-деді Президент. Меніңше, Президент бұл мәселені жан-жақты талқылап, ой елегінен өткізіп, бүге-шігесіне дейін әбден зерттеп-зерделеп барып айтқаны көрініп тұр. «Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» дегендей, бұл сөз бекерден-бекер айтылмаса керек.

                                                                                        

 Әнес СИДЕҒАЛИЕВ,

аудандық мәслихат

депутаты,

Х.Ерғалиев ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521