bannerqaz

Елімізде бензин мен дизель биржа арқылы саудаланады

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде өндірілген бензин мен дизель отының 10 пайызы биржа арқылы саудаланатын болады.

Бұл туралы бүгін Энергетика министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нарықтағы қарым-қатынастарды, оның ішінде мұнай өнімдерінің ашық саудада болуын қамтамасыз ету бағытында мұнай өнімдерін, атап айтқанда, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін мазут пен авиакеросинді биржаға шығарып, саудалау тәсілдерін ұйымдастыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Келесі жылдың 1 қаңтарында осы әдіспен нарыққа шыққан бензин мен дизель отынының 10 пайызы биржада саудаланады. Біз осылайша бұл әдісті сынақтан өткіземіз» деді министр.

Еске салсақ, ол 2019 жылы 180 мың тонна бензин экспортқа шығарылғанын айтты.

«Дегенмен шекаралас Ресей, Қырғызстан, Өзбекстанға контрабандамен 400 мың тоннаға жуық бензин мен басқа да жанар-жағармай түрлері шығарылған» деген Нұрлан Ноғаев бұған алдағы уақытта жол бермеу үшін бензинді автомобильмен ел аумағынан шығаруға тыйым уақыты ұзартылатындығын ескертті.

inform.kz

Сурет: ашық дереккөзден

 

Жарнама

antikorruptsiya

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

наурыз 2020
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz