Иммунопрофилактиканың өзекті мәселелері және маңыздылығы

фото: интернеттен

Қазақстан Республикасында иммундау мәселесі денсаулық сақтау саласының басым бағыттарының бірі болып табылады. Тұрғындарды вакцинациялаудың нәтижесінде вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулармен сырқаттанушылық деңгейін едәуір төмендетуге қол жеткізілді.

 Адамзат тарихында денсаулық сақтау саласындағы бірде-бір әрекет иммундау сияқты тиімді және қауіпсіз түрде аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейін қысқарта алмайтыны дәлелденген.

 Вакцинация – қауіпті инфекциялардан қорғаудың ғасырлармен тексерілген әдісі. Шешекке қарсы алғашқы вакцина 1796 жылы, ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер жасалған. Дүниежүзінде 1960 жылдың аяғына дейін шешек ауруынан жылына 2 миллион адам көз жұмған. 2 ғасырға жуық уақыттан кейін, 1979 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы табиғи шешектің жойылғандығы туралы хабарлады. Бұл адамзаттың ауруды женгенінің жалғыз бір жағдайы.

2002 жылы көптеген мемлекеттер, оның ішінде Қазақстан Республикасы полиомиелит ауруынан бос ел статусын алды. 1988 жылдан бастап полиомиелит ауруы 99 пайызға төмендетілді. Күні бүгінге полиомиелит ауруы әлемнің тек үш елінде тіркелуде (Ауғанстан, Пәкістан), ал 1988 жылы аталған ауру әлемнің 125 елінде тіркелген.

2024 жылдың 3 айында облыста екпемен басқарылатын инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз болып отыр.

Атап айтқанда қызылшаның 1988 жағдайы, көкжөтелдің 52 жағдайы, жіті «А» вирустық гепатиттің 33 жағдайы, сонымен қатар соңғы 10 жылда тіркелмеген қызамықтың 3 жағдайы тіркелді. Науқастанғандардың басым көпшілігі 14 жасқа дейінгі, аталған ауруларға қарсы екпе алмаған балалар.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда қызылша 651,7 есе, көкжөтел 17 есе, «А» вирустық гепатит 2,7 есе жоғарылап отыр.

Еліміздегі профилактикалық екпелердің Ұлттық күнтізбесі бойынша вакцинациялау сәби дүниеге келген алғашқы күндерден басталады. Екпе салу мерзімі кездейсоқ анықталмайды. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен мұқият зерттелген және ұсынылған ғылыми мәліметтерге негізделген. Яғни, аналық антиденелер баланың ағзасына беріледі де, аз уақыт сақталады: күл ауруына қарсы 2-3 ай, қызылшаға қарсы 6 айға дейін, ал бала туберкулез бен «В» вирустық гепатитіне қарсы мүлдем қорғалмаған болып туады.

Көп аналар перзентханада «В» вирустық гепатитке қарсы екпеден бас тартады. Бұл аурудың қауіптілігі, 1 жасқа дейінгі балалар арасында «В» гепатитінің созылмалы түріне өту ықтималдығы 90 пайызды құрайды, әр төртінші науқаста цирроз немесе бауыр обыры туындайды.

 Жыл сайын республика бойынша көптеген жағдайларда діни көзқарастарына байланысты балаларына екпе салудан бас тартатын ата-аналар саны өсіп келеді. Қол жеткен жетістіктерге байланысты инфекциялардың өте қиын өткені ұмытыла бастады. Инфекциялар мәңгіге жойылды деген алдамшы әсер қалыптасты. Соған сәйкес иммундау қажеттілігіне де күмән тудырыла бастады.

Өз балаңызды вакцинациялау туралы мәселені шешкен кезде интернеттен алынған, ешқандай негізі жоқ, нақты ғылыми деректерге сілтемесі жоқ, вакцинопрофилактика саласында медициналық мамандағы жоқ адамдардың айтқан деректерін емес, ең бірінші ғылыми негізделген ақпарат көзін, ғалымдардың жарияланымдарын басшылыққа алу керек.

Екпе егудің алдында дәрігер нәрестені мұқият қарайды. Дәрігер профилактикалық екпе туралы, екпеден кейінгі күтілетін реакциялар, екпеден бас тартқанның салдары туралы толық және шынайы мәліметтер береді. Жұқпалы ауруларға қарсы егулердің сәл үзіліс болған жағдайда ауруларға сезімтал адамдардың саны көбейіп,  ауру індетіне айналып кету мүмкіндігі өте зор.

Осыған орай, 2005 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, 2007 жылдан бастап  Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы өткізіліп келеді.

Облыс аумағында 2024 жылғы 21-і мен 27-і сәуір аралығында «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау» ұранымен  Еуропалық иммундау аптасы өткізіледі. Еуропалық иммундау апталығының мақсаты иммунизация сұрақтары бойынша халықтың түсінігін арттыруға және ақпараттандыруға, иммунопрофилактиканың негізгі  мәселелерін айқындау және болдырмауға бағытталған.

Облыс аумағында екпемен басқарылатын инфекциялық аурулардың таралуын алдын алу мақсатында профилактикалық екпелерін өткізіп алған 18 жасқа дейінгі адамдарға толықтыра егу жұмыстары басталды.

 Вакцина бойынша қажетті ақпаратты «egu.kz» сайтынан немесе жергілікті емханалардан ала аласыздар.

 

 

Айнагүл Сарсенғалиева,

Инфекциялық және паразитарлық

ауруларды  эпидемиологиялық

бақылау бөлімінің басшысы                                                           

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521