Кәсіпкерлік нысаны толыға түсті

Өркен ауылында бұрыннан азық-түлік дүкені аздық етіп, ауыл тұрғындары темір-жол өткелінен өтіп аудан орталығы Аққыстаудағы дүкендерден азық-түліктерін тасымалдайтын еді. Осы олқылықтардың орны күні кеше ашылған жаңа дүкеннің ашылуымен толықты.

«Айдын» деп аталатын жаңа дүкеннің ашылу салтанатына аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрберген Өтегенов, кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Нұрым Мусин және бір топ ауыл үлкендері қатысып, игі бастамаға бата-тілектерін берді. «Тұрғындардың қажеттілігін өтеу үшін кәсіпкерлік нысан ашуды ойға алып жүр едім, бүгін сәті түсіп ашылу салтанатына куә болып отырсыздар. Болашақта тауар түрлерін кеңейтуді жоспарлап отырмын. Бастысы дүкеннің бағасы ауылдықтар үшін қолжетімді болады және таңертенгі 09.00-ден кешкі 23.00-ге дейін ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін боламыз. Сауда орталығының іске қосылуына қолдау көрсеткен барлық жандарға алғысым шексіз» дейді жеке кәсіпкер Анарбек Байдуллин.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521