Өрттен аман алып қалды

Полицей - халықтың қорғаны.

Тек, өздеріне жүктелген міндетті атқарумен ғана шектеліп қалмай, ел тыныштығы үшін қай уақытта болмасын дайын тұратын азаматтардың керек кезде басын қатерге тігетін сәттері де аз болмайды. Соның бірі ретінде жақында ғана тілсіз жауды тізгіндеген исатайлық полицейлерді атауға болады.

Өткен апта ішінде аудан тұрғыны Ы.Шеруеновтің үйінен өрт шығып, оны көшеде жұмыс бабымен жүрген жол патрульдік қызметкерлері көріп, дереу көмекке келген.

- Абырой болғанда көршілері байқап қалған, бірақ, қолдарында өрт сөндіретін құралдары жоқ, асып-сасып жатқан жерінен біз келіп, сақтандыру шараларын қолға алып, өрт кезіндегі алғашқы әрекеттерді жасадық. Көлікте өрт сөндіру құралы болып, соның пайдасы да тиді. Тілсіз жау айтып келмейді ғой, уақытында көмегімізді ұсынып, үй мен балаларды аман алып қалғанымыз үшін қуаныштымыз. Сөйтіп Жаңа жылды әріптесім Бекжан Мұратқалиев екеуміз алғыс алып бастадық, - дейді аға лейтенант Ғалымбек Науанов.

Ел тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін полиция қызметкерлеріне артылған сенімге кіреуке түспей, ел алдында абыройларыңыз арта берсін, полицейлер.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521