Отбасылық шарамызды кейінге қалдырдық

Қазіргі уақытта отбасылық дәстүрлі қуаныштарды, мерекелік той дастархандарын кем дегенде бір ай бұрын жоспарлап, мейрамханасы мен сол қуанышта өнер көрсететін өнерпаздарды да тағайындап қоятынымыз белгілі.

Біздің де әулетте үлкендердің ұйғарымымен наурыз айына белгіленген бір қуаныш бар еді. Әлемдегі ахуалға байланысты елімізде жарияланған Төтенше жағдай режиміне орай осы тойымызды өз еркімізбен өткізбеуге шешім қабылдадық. Және бұл дұрыс шешім деп ойлаймыз. Өйткені, ең бастысы - елдің амандығы, деннің саулығы. Осы орайда ауылдастарымызды да күні кеше Президентіміз жариялаған төтенше жағдайлар режиміне атүсті қарамай, тәртіпке бағынып басқа мемлекеттер жіберген қателіктерді қайталамауға шақырамыз. "Кемедегінің жаны бір" деген, бәріміз бірауыздан ұмтылып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірігіп аты жаман індетті жеңетінімізге сенімім мол. Алла қолдап бұл күннен де аман-есен өтсек, алда бөркімізді аспанға лақтырып отыз күн ойын, қырық күн тойын тойлайтын қуанышты күндеріміз де көп болары сөзсіз. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ұлан МЕҢДІҒАЗИЕВ,

«Жалын» мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521