bannerqaz

Қазақстанда коронавирус туралы сайт іске қосылды

Қазақстанда коронавирус туралы жаңа сайт іске қосылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті достар! Қазір азаматтарды коронавирусқа қатысты жедел әрі сенімді мәліметтермен ақпараттандыру - ең маңызды мәселе. Кей уақытта қоғамды ақпараттандыру мен қарым-қатынастың жеткілікті дәрежеде тиімді болмай жатқанын мойындау керек. Түрлі ақпарат құралдары, әсіресе мессенджерлер арқылы жалған ақпараттың таралуы көптеген қиындықтар туындатуда. Осы орайда coronavirus2020.kz сайтының іске қосылғанын хабарлаймын. Бұл ресурста төтенше жағдай бойынша, карантин кезіндегі тәртіп пен мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары жөнінде, сондай-ақ, желіде тараған жалған мәліметтерді теріске шығару және басқа да барлық өзекті ақпараттар жинақталады» деп жазды министр Facebook парақшасында.

Сайтта сонымен бірге аурудың алдын алу, белгілері, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда жасалатын әрекеттердің ережелері жарияланған және бұл мәліметтер халық пайдаланып, тарату үшін инфографика, нұсқаулық түрінде берілген.

«Азаматтар үшін сайтта арнайы сұрақ-жауап айдары болады, ол жерде әрбір пайдаланушы өзіне қажетті сауалына жауап ала алады. Сіздерден осы мәліметті таратуды және сенімді ақпарат көздеріне ғана жүгінуді сұраймын» дейді Дәурен Абаев.

inform.kz

Жарнама

antikorruptsiya

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

наурыз 2020
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz