«Самғау» жобасы қорытындыланды

Атырау қаласында «Самғау» жобасы түлектерінің қорытынды форумы өтті.

s

«Оқыту, жұмысқа орналастыру және лайықты жұмыс жасау үшін жасөспірімдер мен жастардың дағдыларын дамытуға бағытталған «Самғау» жобасы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылы бастамасы аясында жүзеге асырылды.

- «Самғау» жобасы Атырау облысында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Алып шығу оңай болған жоқ, оған біздің мастер тренерлер мен ауылдық тренерлер аянбай тер төкті. Іс-шараны «Атырау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Қазақстандағы БҰҰ «ЮНИСЕФ» балалар қорының қолдауымен «Жастар қызметкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Осы жобаның аймақта жүзеге асуына қолдау көрсеткен барлық серіктестерге рахмет айтамын, бұл жоба облыс жастарына оң әсер мен мықты серпіліс берді деп есептеймін, - деді шараны ашқан Атырау облыстық жастар саясаты және мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан.

Аталған жобаға Атырау облысынан 2 мыңға жуық жас қатысты. Тамыз айында жергілікті мастер-тренерлер дайындаған 21 ауылдық тренер 4 ай ішінде біздің аудан бойынша 246 жасты қамтып, оларға төрт кезеңнен тұратын білім беру, жұмысқа орналасу, лайықты жұмыс жасау дағдыларын дамытуға және өмірлік маңызды дағдыларды арттыруға бағытталған тренингтер өткізді.

samgau-rol

- Түлектер форумында өткен шағын топтардың жұмысы, шеберлік сыныптары, танымал спикерлердің ынталандырушы сессиялары, қатысушыларды салтанатты марапаттау, бәрі-бәрі біздің көңілімізден шықты. Х.Ерғалиев ауылынан 17 оқушының өтініші қабылданып, осындай үлкен форумға қатысқанымызды мақтаныш етеміз. 4 ай көлемінде бізге өмірлік маңызы бар дағдыларды қалыстастыруға атсалысқан ауылдық тренерлерімізге алғысымыз мол, - деді қуанышын бөліскен жоба қатысушысы Айсана Серікқызы.

samgau-qor

Бір күндік шараның соңында ұйымдастырушылар атынан барлық қатысушыларға форумға қатысқандығы үшін сертификаттар табысталды. Сонымен қатар марапаттау кезінде ауданда «Самғау» жобасының жүзеге асуына үлес қосқандары үшін мастер-тренерлер Ринат Нәбидоллаұлы, Анаргүл Қыдырсиыққызы және Айкөркем Нұрғалиқызы алғыс хаттарға ие болды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521