"Сергек" қауіпсіздік белдігі үшін айыппұл салмайды

"Сергек" қауіпсіздік белбеуін тақпағаны немесе телефонмен сөйлескені үшін жүргізушіге айыппұл жаза алмайды.

- "Сергек" қауіпсіздік белбеуін тақпағандарды немесе телефонмен сөйлескендерді түсіріп, айыппұл сала ала ма? - Бұл сауалға Алматы қаласындағы "Сергек" жобасын басқару жөніндегі директор Бибігүл Әйтікенова жауап берді, - деп хабарлайды zakon.kz.

Бибігүл Әйтікенованың айтуынша, бұл аппараттық-бағдарлама кешені қалалық полиция департаментімен келісілген жолдағы заңбұзушылық түрлерін тіркейді.

Атап айтқанда, бұл: жылдамдықты асыру; тыйым салынған бағдаршам түсіне жүру; жол белгілеріне қатысты талаптар, тоқта-сызығын басу; қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолаққа шығу. Сонымен қатар, "Сергек" жүйесі кейбір реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінің алдындағы жылдамдықты қадағалап, тіркейді. Осы жағынан алғанда, "Сергек" қауіпсіздік белбеуін тақпағаны немесе телефонмен сөйлескені үшін жүргізушіге айыппұл жаза алмайды.

- Бұл заңбұзушылықтарды "Сергек" көре алады немесе көре алмайды дегенде емес мәселе, негізінен, жүйенің түсіру сапасы жақсы. Ол белдікті байламағанды да, телефон ұстағанды да түсіре алады. Бірақ бұлар жүйе тіркеуі тиіс тізімде жоқ нәрсе. Сондықтан ол үшін "Сергек" айыппұл жолдай алмайды, - деді Бибігүл Әйтікенова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521