Шекарадан өтуге де шектеулер енгізілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты ішкі құжаттар бойынша Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде уақытша шектеулер енгізілді.

Қазақстан Республикасы аумағында 2020 жылғы 16 наурызда сағат 00:00-ден бастап «Құрманғазы» (автокөліктік), «Ганюшкино» (теміржолдық) және «Атырау» (әуелік) өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары үшін жеке куәліктері және балалардың туу куәліктері бойынша ҚР мемлекеттік шекарасын кесіп өту тоқтатыла тұрады.

Бұл шектеу бұрын ҚР аумағына ішкі құжаттар мен туу туралы куәліктерімен келген РФ азаматтарына олардың ҚР-нан шығуына кедергі жасамайды.

220 жылғы 15 наурызда ҚР азаматтары үшін ішкі құжаттарды пайдалануға уақытша шектеу (жеке куәлік, тууу туралы куәлік) Ресей азаматтары үшін (ішкі құжат және, тууу туралы куәлік) Қазақ-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту орындарында жүзеге асырылады.

Жоғарыдағы мәлімет негізінде ҚР және РФ азаматтарының өткізу пункттерінде және шекарадан өту орындарында Қазақстан Республикасының төлқұжаттары мен Ресей Федерациясының шетелдік төлқұжаттары арқылы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Е.РАФИКОВ,

ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2016 әскери бөлімі командирінің орынбасары, 2-дәрежелі капитан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521