Тазалық -ауыл айнасы

«Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні ұлттық экологиялық науқанға арналғаны баршаға етене таныс. Тазару күні – мемлекеттің экологиялық түйткілдерді шешуге бағытталған іс-шараларына азаматтардың қолдау білдіруі.

 Тазалық күні аясында Аққыстау, Қамысқала, Тұщықұдық, Жанбай, Нарын ауылдарындағы мекеме қызметкерлері  ұйымшылдықпен бірауыздан кiрiсіп, мекеме ауласындағы қоқыстарды жинап, талдарды қопсытып, қураған шөптерді жұлып, өртеп жіберді. Тазалық осылайша барлық ауылдық округтерде жалғасын тапты.  Ауылымыздың таза тұрғаны өзiмiз үшiн пайдалы. Тұрғындар тазаланған жерді қайта қоқытпауға үйренсе, нұр үстіне нұр болар еді.Ең біріншіден, тазалық өзімізден басталады ғой. Әрине, ауылымыз жасыл желекке малынып тұрса, елді мекеннің сәнi кiрiп, ауамыздың тазаратыны да сөзсіз.Алдымен, табиғат ананы нәр беріп, гүлдендіру үшін, айналамыздың мұнтаздай таза болуы шарт. Алайда, әрбір ауыл тұрғыны өз үй-жайларының айналасын жинап, жанатын тұрмыстық қалдықтарды мұқият өртеп, басқа қалдықтарды уақытылы арнайы күл-қоқыс төгетін орынға апарса, құба-құп болар еді.

«Ауылына қарап азаматын таны» дейді атам қазақ. Сырттан қараған сыншыл көз ауданымызға қызыға қараса, мақтаныш емес пе? Осы ретте, өскелең ұрпағымыздың дені сау болсын десек, айналамыздың таза тұруына баршамыз атсалысайық! Тазалық –өз  денсаулығымыздың кепілі екендігін естен шығармайық.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521