Теңізге эвакуацияланған 600 оқушы үшін жоғары жылдамдықтағы интернет орнатылды

фото: интернеттен

6 сәуірден бастап Теңіз кен орнының вахталық кенттеріне 3000 – нан астам бала эвакуацияланды, олардың көпшілігі-оқушылар. Қашықтықтан оқуды жалғастыру үшін, вахталық кенттерге тиесілі мердігер компаниялар эвакуацияланғандарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етті.

 Бұл қадам балалардың эвакуация жағдайында да оқуды жалғастыруына мүмкіндік береді. Құлсары тұрғыны Назым Қалдыбекова 6 сәуірде балаларымен бірге Теңізге көшірілді.

 Бастапқыда ол "балаларым мектеп бағдарламасынан артта қала ма" деп алаңдаған. Қазір ол оқу процесі үшін алаңдамайды. 

- Таңертең, таңғы астан кейін балалар бірден үстелге отырып, оқуға кіріседі. Жақсы интернеттің арқасында  платформада ешқандай проблема жоқ, - дейді Назым Қалдыбекова.

"Aspar Kashagan" ЖШС жатақханаларында 200-ден астам бала тұрады. Олардың көпшілігі мектеп оқушылары және қазіргі жағдайға байланысты олар қашықтан оқып жатыр. 

-  Мектеп жасына дейінгі балалар үшін еріктілердің көмегімен компания аумағында ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастырамыз.
 Бұл балаларға қауіпсіздік пен жайлылықты сақтай отырып, уақытын көңілді өткізуге мүмкіндік береді, - деді "Aspar Kashagan" ЖШС операциялық менеджері Салтанат Сүлейменова.

📍Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521