«Тойларға тыйым салынды». Атыраулық асабалар не дейді?

Еліміздегі жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты бүгіннен бастап сәуір айының 15-іне дейінгі тыйымдардың ішінде той-жиындар мен отбасылық салт-дәстүр шаралары бар.

Алайда бұл жағдайға қатысты кейбір азаматтар, соның ішінде әнші, асабалар келіспейтін көрінеді. Солардың бірінің пікірін жариялаған «Депті.кз» сайты «Атыраулық асабалар тойдың өтпеуіне қарсылық танытуда» деп жазады.

«Қаншама еңбек қаншама тер, қарыз шыдам. Оңай емес ол. Өзімді ойлап отырған жоқпын, барлық жақтан қарастырып отырмын. Күніне 2-3 мың тапса да нанынан айырып отырған официанттар, бишілер бәрі еріккеннен жүрген жоқ қой. Нақты сол «вирус» тойдан шығады десе, онда әңгіме жоқ. Анау жабылсын, мынау жабылсын деп те санаспаймын. Бір жағынан дұрыста шығар, бір жағынан ойға сыймайтын әңгіме» деді атыраулық Бекболат есімді асаба».

Қаламыздағы белгілі асаба Нұртілек Шайхиев болса, кредитті де тоқтату керек деп жазды» делінген мақалада. Айта кетейік, елімізде кешеден бастап төтенше жағдай жарияланды. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли: «Коронавирустың таралу қаупіне байланысты ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық, сондай-ақ, отбасылық, еске алу іс-шараларды өткізуге тыйым салынады» деген болатын.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521