bannerqaz

Жұмысын тоқтатуға мәжбүр мекемелер жалақыны қалай төлейді?

Төтенше жағдайға байланысты өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған мекемелер ең төменгі жалақыдан кем болмайтын еңбекақы төлеуі тиіс.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдайға байланысты өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған мекемелерге Еңбек Кодексінің 112-бабы тарайтын болады. Бұл – мәжбүрлі жұмыс тоқтату деп аталады. Бұл жерде жұмыс беруші тарапынан жұмысшыларға кемінде елімізде бекітілген ең төменгі жалақыдан кем емес көлемде еңбекақы төленуі тиіс» деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның айтуынша, біздің еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері – 42500 теңге. «Бірақ, егер де, Еңбек шартында немесе Ұжымдық шартта осындай мәжбүрлі тоқтату жағдайына төменгі жалақыдан жоғары жалақы қарастырылған болса, онда жоғары жалақы төленеді. Бұл шекті сома ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс» деді Б.Нұрымбетов.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Үндеу жолдады. Жолдаудың толық мәтіні арнайы сайтымызға толық жарияланды.

Cурет: ашық дереккөзден

Жарнама

antikorruptsiya

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

наурыз 2020
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz