ҰСТАЗДАРДЫҢ МЕРЕЙІ ТАСЫҒАН КҮН

Осы аптада Мұғалімдер күніне орай аудандық әкімдік ғимаратында салтанатты жиын болып, онда білім саласының үздіктері марапатталды. Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан мұғалім мамандығының қай кезде де аса қажетті де маңызды екендігін жеткізді.

«Елімізде білім сапасына ұдайы көңіл бөлініп келеді. Көп нәрсе мұғалімнің білімі мен тәжірибесіне байланысты. Білімді, рухани жағынан бай ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі зор. Әсіресе, қазіргідей жаңартылған білім мазмұны, озық технологиялар енгізіліп жатқан мезгілде оларға үлкен жауапкершілік жүктеледі» деді. Жиын барысында сала ардагерлері, жаңашыл ұстаздар, жастар тәлімгерлері марапатталды. Атап айтқанда, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен 18, осы министрліктің Алғыс хатымен 10, республикалық ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының Алғыс хатымен 1, Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен 1, осы ұйымның Құрмет грамотасымен 1, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен 4, аудан әкімінің Алғыс хатымен 1, облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен 12, басқарманың алғыс хатымен 7, басқарманың әдістемелік орталығының Алғыс хатымен 19, аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен 1, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Грамотасымен 4 адам марапатталды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521