bannerqaz

Исатай батырдың бәйбішесі кім еді?

Жасынан алымды, сөзге шешен, бірбеткей, өжет, қара қылды қақ жаратын Исатай Тайманұлы ел басқаруға да ерте араласқаны жайлы біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін.

Тарихшы ғалымдар оның 21-ақ жасында Беріш руының старшинасы болып тағайындалып, ел басқарғаны жайында деректер келтіре отырып баяндап жүр. Ал сол жас шағынан жұртының қамын жеген батырдың алғашқы құдай қосқан қосағы да осал адам болмаса керек. Бұған тарихтағы батырлардың жырлары үйде ерінің бабын табатын, тар жерде ақыл қоса алатын жандар болып келетіні де белгілі. Ендеше, Исатай батырдың алғашқы әйелі, яғни бәйбішесі кім еді?

«Исатай шамамен 1810 жылы 19 жасында отау құрған. Оның алғашқы әйелінің аты – Мылқым» дейді белгілі исатайтанушы, профессор Амангелді Шамғонов. Ғалымның айтуынша, Мылқымның руы Ысықтың Қараораз атасынан екен. Әкесі Қосаяқ 90 жас ғұмыр кешіп қайтыс болулы. Қосаяқұлы Қалдыбай және оның балалары 1836 жылдың көктемінде Исатай бастаған көтерілісшілерге келіп қосылып, асқан ерлікпен шайқасқан екен. Ендеше, осындай өжет әрі батыл, жеме-жемге келгенде жұрт сыйлаған жезделерінің қасынан табыла білген ұйымшылдығымен де танылған бауырлары бар Мылқымдай жан әсте осал болмаған деуге келеді.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz