bannerqaz

Шаш пен бетті қалай күту керек?

Сәрсенбі күні Исатай ауылдық округінде аналар кеңесінің төрайымы Мәншүк Хасанқызының ұйымдастыруымен кезекті шеберлік сағатына қатысқандар бұл сұрақтың жауабын жақсы біледі.

Кезекті деуімізге негіз бар, өйткені ауылда округ әкімінің келісімімен әр ай сайын тегін шеберлік сыныптарын өткізу жоспарға енген болатын. Өткен айдағы шеберік сыныбында шеберлер тез дайындалатын тағам түрлерін әзірлеу жолдарын үйретсе, бұл сабақ шаш үлгісі, бет күтімі, үй жағдайында немесе арнайы салонда бетті әрлеу жолдарын көрсетуге арналды. Мұнда қолынан іс келетін ауылдың екі шаштараз маманы Назерке Қапенова мен Алия Қанатова өз білгендерін ауылдың қыз-келіншектеріне үйретіп, сұрақтарына жауап берді.

Қатысушылардың бірі шаш әрлеуге икемді болса, бірі бет бояуға бейім екен. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай сұранысқа ие, ауыл келіндеріне пайдалы сабақтардың түрлі тақырыптарда жалғасын табатынын айтты. Қалалық жерде мұндай шеберлік сыныптарының қалтаға күш түсіретінін ескерсек, ауылдағы тегін ұйымдастырылып отырған дәрістен, былайша айтқанда тамаша мүмкіндіктен құр қалмағанымыз дұрыс-ақ. Білгенін бөліскеннің сауабы да мол емес пе?

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА.

Жарнама

antikorruptsiya

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

ақпан 2020
ПВСЧПСВ
12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz