bannerqaz

Ағайынды параспортшылар азияның күміс жүлдегері атанды

Сайлау науқаны қызып жатқан тұста Қырғызстан елінен сүйінші хабар естіп, көңіліміз бір көтерілді.

Бұған дейін де байрақты бәсекелерде топ жарып, ауданымыздың ғана емес, ел абыройын арқалап жүрген параспортшылар ағайынды Гүлден мен Медет Сұпығалиевтер тағы бір үлкен додада бақ сынап, жүлде салды.

Қырғызстан елінде қол күресінен өткен Азия чемпионатында ағайынды спортшылар күміс жүлдені қанжығалап, мерейімізді тағы бір мәрте асырды. Жүлдемен құттықтап қоңырау шалғанымызда, жылы қабылдаған параспортшылар осы бір елдік саяси науқан тұсында иеленген жүлделерінің орны бөлектігін айтады. – Бәрі тамаша, жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Не дегенмен құрлық біріншілігі ғой, оңайға соқпайды, әрине. Намысқа тырысып, барымызды салып бақтық. Төккен тердің де нәтижесі шығар. Күміс жүлде бұйырды. Қуаныштымыз, - дейді бізбен тілдескен Медет.

Мүмкіндігім шектеулі екен деп мұқалуды білмейтін қос спортшыға сәттілік серік бола бергей.

С.ПАНАБЕРДИЕВ.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz