Алмас аймақтық чемпионаттан күміс жүлде иеленді

Ақпан айының 11-16-сы күндері аралығында Ақтөбе облысы Шалқар қаласында бокстан Батыс аймақтық Қазақстан чемпионаты өтті.

Жасөспірімдер арасында өткен біріншілікте Исатай Балалар жасөспірімдер спорт мектебінен 3 спортшы қатысып, олардың ішінде Алмас Хинекин екінші орын иеленді. Сондай-ақ Алмас қайсарлығы, жеңіске деген жігері, жоғары спорттық шеберлігі үшін арнайы грамотамен марапатталды. Қуанышты хабармен бөліскен Алмастың бапкері, Исатай БЖСМ-нің бокс бөлімінің жаттықтырушысы Аманғали Өтегенов енді шәкіртінің ел чемпионатында бақ сынайтынын айтады.

– Наурыз айының 26-30-ы күндері аралығында Жамбыл обылысы Шу қаласында өтетін ел чемпионатына жолдама алды. Енді соған дайындыққа кірісеміз, - дейді ол. Алмасқа алдағы бәсекеден де жеңіспен орал демекпіз.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521